АУДАНДА ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БАСТАЛДЫ

АУДАНДА ВАКЦИНАЦИЯЛАУ БАСТАЛДЫ

DSC_0470.JPG

2021 жылғы 1 ақпаннан  бері республиканың барлық өңірлерінде коронавирустық инфекцияға жаппай вакцинациялау басталып кеткен болатын. Халық денсаулығын сақтаудың бірден бір себебі адам өміріне өте қауіпті СОVІD-19 дертіне қарсы вакцинациялау болғандықтан әлем бойынша бұл бастама кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Ал аудандық Орталық ауруханада 3 наурыз күні қауіпті дертке вакцинациялау басталды. Вакцинациялау шарасының қалай жүзеге асырылып жатқанын көзбен көру мақсатында аудан-дық Орталық аурухананың директоры Дәурен Иманалиевпен хабарласып, ауруханаға арнайы барып қайттық.

Аудандық Орталық ауру-хананың жалпы тәжірибелі  дәрігері Нұршат Оспанованың  айтуынша қазіргі таңда қол-данылып жатқан Ресей елінде жасалынған Гам-КОВИД-Вак «Спутник V» вакцинасы. Вакцинациялаудың  бір-інші кезеңінде аурухана қызметкерлеріне ерікті түрде егілсе, екінші кезеңі 21 күннен кейін егілетінін түсіндірді. 

Ол жерден аңғарғаным, екпе жасалынатын бөлмелерде санитарлық сақтық шаралар толықтай қамтылған екен. Өз еркімен вакцина алуға келген адамның алдымен дене қызуы мен  қан қысымының мөлшерін тексереді. Тексеруден өткенен кейін арнайы екпе жасайтын бөлмеге барып, вакцина салдырады. Екпе жасатушы біріншіден сол кезеңде  денсаулығында еш кінәрат болмауы маңызды. Егерде оның денсаулығында қандайда бір кінәрат болса, онда ол адамға екпе салынбайды.

Вакцинация жасатқан аурухана қызметкерлерінің айтуынша, екпе салдыру адам денсаулығына еш қауіпсіз. Вакцинация салдыру арқылы әркім өзінің және отбасының қауіпсіздігін сақтай алатындығын айтып, түсіндіруде.

Сондықтанда аудан тұрғын-дарына айтарымыз, вакцина салдыруда үрейге берілудің еш жөні жоқ  деп кеңес береміз.

                                                        Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан Республикасы мен Пәкістан арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы қол қойды
  • Келіссөздерінің қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйледі
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қа
  • Мәдени орталықтар және «Достық» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты
  • Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсіміне қа