ҚОҒАМДАҒЫ АУЫР ІНДЕТ

ҚОҒАМДАҒЫ АУЫР ІНДЕТ

Жемқорлық–бұл сатып алу, пара беру, мемлекеттік қаржыны өз пайдасына пайдалану, яғни мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды тұлғалардың өздеріне сеніп тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасалған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттер.

Сондықтан, мұндай жемқорлық іс-әрекеттері мемлекеттік мекемелердің тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді және заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соғады.

Жемқорлық жасалу түрлеріне қарай екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет.

Бүгінгі күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары анықталып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық түрлеріне жауапкершілікті артудың нақты заңдылық қадамдары жүзеге асырылуда. Десекте, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтан арылу үшін, бойымызға біліктілік, әділеттілік, турашылдық қасиеттерін қалыптастыру. Сонда ғана біз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жан-жақты ашық, әділетті және заң шеңберінде жүргізе аламыз.

Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті  деп білу керек.

Мейраш ИБРАЕВА, «Іле-Балқаш» МТР-нің кадр жөніндегі бас инспекторы.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Татулық – тұрақтылық негізі
  • Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады
  • Алматинская область: работе акимов сельских округов придадут новый импульс
  • Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
  • АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр