КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ БАРЫСЫ

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ БАРЫСЫ

136671686_1806416806174463_2752863928435974130_n.jpg

Қазақстан Республикасының мәжіліс депутаттығына үміткер Жанна Тілеубековнамен  кездесу өтті. Кездесу барысында  ауыл тұрғындарымен 10 қаңтарда өтетін сайлауға үгіт насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Балқаш Аудандық Орталық Ауруханасының құрылысшыларымен, сондай -ақ «Есіктен есікке» акциясы аясында бірқатар үйлерді аралап,  тілек ойларын тыңдап қайттық. Ашық кездесу барысында ауыл тұрғыны көпбалалы ана «Nur Otan» партиясының арқасында кезектен тыс үй алғанына рахметін айтып, тілегін білдірді. Келесі кірген мүмкіндігі шектеулі отбасыда  үйлі болғандарына алғыстарын білдіріп, «Nur Otan» партиясына сенім артатынын айтты.  Халық жылы лебізімен қабылдап, Бақанас ауылы бойынша түйткілді  мәселелерімен бөлісті. Біз өз тарапымыздан айтылған мәселелер басшылыққа жеткізіліп, көмек қолдау көрсетілетінін айттық.Сондай –ақ  белсенді тұрғындарға  алдағы сайлау туралы ақпарат беріп, «Nur Otan» партиясының бағдарламасын  жан -жақты түсіндіріп, дауыс беруге шақырдық. Тұрғындар ел игілігі үшін жасалатын жақсы бастамаларға қолдау көрсететіндіктерін айтты. Ойымды түйіндей келгенде, халықтың сенімін ақтау үшін бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр,сол сенімдерін ақтау үшін  барынша қолымыздан келгенін жасайтын боламыз.

#nurotan #jasotan #NurOtan2021 #jenimpazbol


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР