«Nur Otan»-ның сайлауалды штабы АШЫЛДЫ

«Nur Otan»-ның сайлауалды штабы АШЫЛДЫ

WhatsApp Image 2020-12-11 at 17.54.55.jpeg

Өткен аптаның жұмасы күні «Nur Otan» партиясы Балқаш аудандық филиалы ғимаратында аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылуы өтті. Аталмыш жиынға «Nur Otan» партиясы тізімімен облыстық және аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер, партияның сенім білдірген адамдары, штаб мүшелері, «Jas Otan» жастар қанаты және БАҚ өкілдері қатысты. Келелі жиынды жүргізген аудандық партия филиалының сайлауалды штабының жетекшісі Данияр Садықбаев сөз кезегін   «Nur Otan» партиясының сенімді адамы,  партия ардагері, Балқаш ауданының Құрметті азаматы Демеуқұлова Зәуреш Жұмағалиқызына және «Nur Otan» партиясы тізімімен аудандық мәслихатқа үміткер Омаров Кәдірбек Тынышбалаұлына берді. Олар өз сөзінде партия филиалының сайлауалды штабының  маңызды-лығын атап өтті. 

Ал мұнан кейін жиынды жалғастырған Данияр Садықбаев аудандық партия филиалының сайлауалды штабының жетекшісі ретінде  штаб жұмысын бастауға толық дайын екендігін айта келе, жиынға қатысушыларды  штаб құрамымен таныстырды. Осы сәтте штаб құрамына тоқталып өтсек, Гаухар Мақатай – аудандық партия филиалының сайлауалды штабының орынбасары, Ади Аханов - аудандық партия филиалының сайлауалды штабының орынбасары, қоғамдық саяси бөлім меңгерушісі – Алмат Дауылбаев, қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі – Айбол Жұма, қаржы және материалдық техникамен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Сарыбаева Диана, заңгерлік қызмет бөлімі меңгерушісі Алпейсов Асхат. 

Сонымен қоса, басқосу барысында аудандық партия филиалының сайлауалды штабының және оның қоғамдық қабылдау бөлмесінің дайындығы сараланып, жиын соңында «аудандық партия филиалының сайлауалды штабының жұмысы жемісті болсын» деген тілегін білдірген аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев көпшілікке ақ батасын берді. 


Алтынай СЕЙТКЕН, «Балқаш өңірі». 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РЕСПУБЛИКА КҮНІ – БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
  • ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН МЕЙРАМ
  • МЕРЕКЕ ТАРИХЫ
  • ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ЖЫЛ САЙЫН ТОЙЛАНА БЕРЕДІ
  • ТӘУЕЛСІЗДІКТІ САҚТАУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР