Балқаш ауданындағы WWF шағын гранттар бағдарламасының нәтижелері
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) шағын гранттар бағдарламасы үйлесімді өмір сүруге жағдай туғызуға және жергілікті халық пен «Іле-Балқаш» резерваты арасында серіктестік қатынас құруға бағытталған және жергілікті тұрғындарды ынталандыру, шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін ақпараттық және қаржылық мүмкіндіктер құру арқылы аймақ экономикасының дамуына үлес қосады.
2020 жылы 16 жоба таңдалып, қаржыландырылды (әрбір берілген өтінім үшін 400 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін). WWF шағын гранттар бағдарламасы Қарой ауылында жаңа әлеуметтік қызметтерді құру бастамаларына ерекше назар аударды, атап айтқанда: вулканизация пункті, монша, кондитерлік цех, шағын асхана, көшірме орталығы, тігін шеберханасы және т.б.. Бұрын мұндай қызметтер Қарой ауылына көрсетілмеген. Ал бұл туризмді дамыту үшін өте қажет.
Сонымен қатар, 2020 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) және «Іле-Балқаш» резерваты Гранттар бағдарламасынан басқа, Карой ауылының тұрғындары үшін ауылшаруашылық өнімдерін бірлесіп өсіру бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Қарой ауылдық округінен жер бөлініп, ауылдық әкімдігімен бірге жобаға қатысуға 20 отбасы таңдалып, жұмыс жоспары және шығындар сметасы жасалды. Сондай-ақ, «Іле-Балқаш» резерватының жер жыртуға арналған жабдықтармен қамтамасыз ету кестесі жасалып, отырғызу материалы, сорғы және суару үшін жанар-жағармай қоры сатып алынып, агроном - кеңесші тартылды. Нәтижесінде алғашқы өнім алынды!
Балқаш ауданында 2021 жылы шағын гранттар бағдарламасы жалғасады.
Лина ВАЛЬДШМИТ, экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің басшысы, Серік ӘБІЛОВ, экскурция нұсқаушысы.