Егінжайдан ескен леп!
КҮРІШ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Көктемнің алғашқы күнінен бастап-ақ аудан диқаншылары бір сәтке тыным таппастан жылдық азықты дайындау мақсатында егін егу жұмыстарын жылдағы талапқа сай атқарып келеді. Дала төсін дүбірге бөлеген диқаншылар арпа-бидай себуді ойдағыдай аяқтап, күріш егу жұмыстарын бастап та кетті.
Биылғы жылы аудан көлемінде 29809 гектар суармалы жерге егін егу жоспарланса, оның 7030 гектары арпа-бидай, 490 гектар жерге картоп егілсе, көкөніс және бау-бақша дақылдары 400 гектарды құрайды. Ал қысқы мал азығын дайындау мақсатында 11713 гектар жерге жоңышқа, сондай-ақ 200 гектары дәндік жүгері және 1115 гектарына сүрлем жүгерісі егілуде.
Көктемгі дала жұмыстарының қарқынын көзбен көріп, еңбектің қара қазанын қайнатып жатқан диқаншылардың жағдайымен жақын танысу мақсатында осы аптаның дүйсенбісі күні аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Бүркіт Мұқановпен бірге, Миялы ауылдық округіне қарасты «Динара» ӨК-нің егістік алқабына арнайы барып қайттық.
Аудан орталығынан арнайы атбасын бұрған аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Бүркіт Амангелдіұлын, аталмыш шаруашылықтың директоры Мырзақасым Айменов қарсы алып, бірден екеуара шаруашылық жайында әңгіме өрбіте кетті. Осы сәтті орайлы пайдалану мақсатында егіс алқабында еңбектің көрігін қыздырып, ақ шаңды аспанға көтеріп, күріш егіп жүрген диқаншыларға жақындай түстім. Егіс алқабына жақын келгенімде жұмыс қарқынын бір сәтке баяулатып, «Динара» ӨК-нің бас агрономы Махмут Жакупов, №2 бөлімшесінің меңгерушісі Оралхан Кәрібаев, есепші Мақсат Басшыбаев және механизатор Владимир Исаев, сушы Дәурен Тоқабаев, бөлімше мұрабы Алмас Темірхан күн тәртібіндегі жұмыс жайын талқылап, жоспар құрып тұрған-дарын аңғардым. Ал тіркеме үстінде Мәжібай Сағатбек, Шыңғыс Бауыржан және Нұрбол Ақымбаев күріш дәнін тұқым сепкішке толтырып, өздеріне міндеттелген тапсырманы ойдағыдай атқарып жатыр екен.
Жұмыс жоспарын өзара талқылап болғаннан кейін бас аграном Махмут Жакуповқа күнделікті атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты бірнеше сұрақтар қойып, мән-жайды сұрағанымда, ол маған: «Динара» ӨК-не тиесілі егін алқабының 824 гектарына арпа, 1556 гектарына көп жылдық шөп, 659 гектарына сүрлем жүгері және 663 гектарына күріш егудің жыл басынан жоспарланғанын айтып, жұмыс жүйесінің ойдағыдай атқарылып жатқанына баса тоқталды.
Бұйырса, күріш егу науқан-ында ел қатарлы аяқтайтын-дарын, ол үшін техникаларға керекті қосалқы бөлшектер мен жанар-жағар майдың жеткілікті екенін әңгіме арқауына айналдырды.
Ал бөлімше меңгерушісі Оралхан Кәрібаевтың айтуынша, көктемгі дала жұмыстарына жұмылдырылған техникалардың тоқтаусыз жұмыс жасап жатқандығы күтімінің жақсы болғандығынан. Сонымен қоса, ол әңгіме барысында «жұмыстың ойдағыдай орындалып жатқан-дығы-механизаторлардың еңбегі-нің нәтижесі» деген ойын да іркіп қалмады.
Дана халқымызда: «Тынбаса, диқан күрегі, жыл бойы тоқ жүреді» деген тәмсіл бар. Елдегі болып жатқан жағдайға қарамастан ерте көктемнен басталған егін науқанының тоқтаусыз жүріп жатқаны, аудан диқаншыларының еңбексүйгіштіктерінің арқасы деп айтуға толықтай негіз бар. Осы тұста даналар сөзінің түп төркініне сүйене отырып, егін науқанын ойдағыдай атқарып жатқан диқаншылар қауымына аудан халқы атынан алғыс білдіргіміз келеді.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».