«Біз біргеміз!»

Індетке қарсы іс-шаралар жоспарына байланысты «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында аудан еріктілері де қайырымдылық шараларынан тыс қалмады. Осы орайда, егемен еліміздің жарқын болашағының кепілі саналатын аудан жастары өңірдің барша тұрғындарына тегін бетперделер таратып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Коронавирустың алдын алу мақсатында таратылған бұл бетперделер барша тұрғындардың денінің саулығын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Осындай қиын сәтте бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жұмылған жұдырықтай бір-бірімізге демеу болуымыз аса маңызды болып отыр. 

Мемлекет басшысының ел жастарына зор сенім артып, биылғы жылды «Еріктілер жылы» деп жариялағанынан кейін, осындай іс-шараларға белсене араласатын жастарға әрдайым сенім артуға болады деген сенімдіміз. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Дала дәмі» жәрмеңкесі – береке мен бірліктің бастауы
  • Жаңа Конституция-ел тірегі
  • Глава государства рассказал об усилиях Казахстана по сохранению и восстановлению популяции редких ви
  • Алматы облысында онкологиялық аурулардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде
  • Таза Қазақстан