"Таза Қазақстан" акциясы «атадан мал қалғанша тал қалсын»

    мм.jpg

        Президенттің тікелей бастамасымен іске асып жатқан – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің мән-маңызы ерекше. Таза Қазақстан - ластанған аумақтарды қалдықтардан тазартуға, экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізуге және тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған акция. Аз уақыттың ішінде экологиялық акция еліміздің түкпір-түкпірінде кең етек жайды. Бүгінде таза Қазақстан республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Өлкемізде де жалпы ұлттық экологиялық акцияны өткізу арқылы табиғат анаға деген шексіз махаббат пен қоқыс тастау мәдениеті қалыптасты десек артық айтпаймыз. Бүгінде ауданда жастармен қатар, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің де экологиялық акцияға қатысу белсенділігі күн санап артып, өздеріне тиісті аймақтарды қоқыс қалдығынан тазартуда. Қазақтың «атадан мал қалғанша тал қалсын» - деген аталы сөзі аталмыш акциямен үндесіп жатқандай. Алдағы уақытта тек ресми түрде ғана өткізілмей, үздіксіз түрде өткізілсе нұр үстіне болар еді. Өйткені туған жерді аялап, күтіп ұстау өзіміздің қолымызда!

Ассамблея жастарының мүшесі: А.Синнельников


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • "Таза Қазақстан" акциясы «атадан мал қалғанша тал қалсын»
  • Ел дамуының тұрақты тұтқасы
  • «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»
  • «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы - тек бір рет өткізілетін сенбілік емес
  • ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ