Ел дамуының тұрақты тұтқасы

baf9183b-bfe7-4584-983a-08cf03300147.jpg

        Ел дамуының тұтқасына айналған мемлекет басшысының Жолдауына, мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес өңірімізде де өрелі істер қолға алынып, өркендеу үстінде. Бұлай деп айтуымның өзіндік себептері де жоқ емес. 

        e7faf396-5fe5-4395-96c5-d6f171b80918.jpg

        Ауданымызда ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды істер жүзеге асырылып, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмалары қолға алынып, ойдағыдай орындалып жатқан бірқатар мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірімізде  көптеген жұмыстар жүзеге асып, аудан әкімінің тікелей басшылығымен үлкен жұмыстар жүргізіліп, ілкімді істер қарқынды дами түсуде. 

        Президентіміздің сындарлы саясатын бағыт ете отырып ауылшаруашылығы саласын көш ілгері алға қадам бастырып, соның ішінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығында биік нәтижелерге қол жеткізіп, Қазақстан экономикасының ілгерілеуіне себепкер болудамыз. 

        Мал басы ұлғайып, егістік пен суармалы жерлер көбеюде. Көшелердің ажары кірген, тротуарлар салынуда, жол жөнделіп жатыр. Көшедегі жарық шамдары ауыстырылуда. Қысқасы аудан¬ды, ауылды ажарландыруға қа¬тысты үлкен жұмыстар жүргізілуде. 

        Ауданымызда тілге тиек етер айшық¬ты жұмыстар өте көп. Бір ғана мысал, соңғы уақытта тұрғын үйлер пай¬далануға беріліп, жаңа нысандар ашылуда. 

        Түйіткілді мәселелердің шешіліп жатқаның көріп, кезең-кезеңімен бой көтерген құрылыс нысандарының ашылуының куәсі болып жүрміз. Аудан әкімі үнемі тұрғындардың өтініш-тілегін, арыз-шағымдарын мұқият тыңдап, бірқатарын орнында шешіп, кейбіреулерін назарға алып жүр.

Еселі еңбектің нәтижесінде ауданымыз күннен-күнге өсіп-өркендеп келеді. 

            Ауданның құрметті азаматы З.Демеуқұлова


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • "Таза Қазақстан" акциясы «атадан мал қалғанша тал қалсын»
  • Ел дамуының тұрақты тұтқасы
  • «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»
  • «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы - тек бір рет өткізілетін сенбілік емес
  • ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ