Осы аптаның сейсенбісі күні Аралтөбе орта мектебінде аудандық білім бөлімі мен аудандық бұқаралық - спорттық іс – шараларды өткізу орталығының ұйымдастыруымен КСРО – ның «Құрмет белгісі» және Қазақстан Республикасы «Құрмет» ордендерінің және Қазақстан халықтары Ассамблеясының «Бірлік» Алтын медалінің иегері, ауданның Құрметті азаматы Бейсетай Дәуренбековты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында волейболдан аудандық турнир болып өтті.
Аталмыш спорттық ша-раға аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Самат Рақышев, аудандық білім бөлімінің әдіскері Алтынбек Әденов, аудандық бұқаралық - спорттық іс – шараларды өткізу орталығының директоры Азамат Телтаев, Ақжар ауылдық округінің әкімі Айдын Үркінбаев және ауыл тұрғындары, марқұмның ту-ған – туыстары, балалары, немерелері қатысты.
Бейбіт күннің батырын еске алуға арналған спорттық шараның ашылу салтанатында сөз алған аудандық бұқаралық - спорттық іс – шараларды өткізу орталығының директоры Азамат Телтаев аталмыш спорттық шара бұған дейін аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, №2 Жамбыл атындағы орта мектебінде және Ақкөл орта мектебінде аймақтық іріктеу кезеңдері ұйымдастырылғанын айта келе, аудандық турнирдің жоғары дәрежеде өтетініне сенім білдіріп, ақтық сайыс-ты ұйымдастырып жатқан Аралтөбе орта мектебінің ұжымына және мектеп басшысы Света Елеубаеваға ризашылығын білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Мұнан соң Аралтөбе орта мектебінің оқушылары бейбіт күннің батыры Бейсетай Дәуренбековтың рухына арналып жазылған өлең – шумақтарды жатқа орындап, спортшыларға рухани күш - жігер сыйлайтын потриоттық әндерді орындады.
Аудандық турнирдің ашылу салтанатынан кейін спортшылар көп күттірместен жарысты бастап кетті. Аймақтық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, іріктеліп келген 7 команданың кіл мықты ойыншылары өзара тартысты ойын өрнегін көрсетіп, бар ынта жигерлерін салып, жүлделі орындарды еншілеуге тырысып бақты.
Жарыс барысында ала допты алақандарында ұршықша иірген балғын волейболшылардың бір – бірінен асып түспесе, кем түспейтінін аңғардық.
Ойын көрігін қыздырған спортшылар арасында Арал-төбе командасының көшін алға бастаған Бүркіт Темірболатұлы, Әлімжан Қалдыбек, Береке командасының ойыншылары Аслан Манат, Әбіл - Мансұр Бейбіт тағы басқа спортшылар көрермендердің көңілінен шығып, ыстық ықыластарына бөленіп жатты.
Аралтөбе ауылының тұр-ғындары ойын өрнегін қыз-дырған спортшыларғы дән ризашылықтарын білдіріп, турнирдің жоғарғы денгейде өтуіне атсалысып отырды.
Спорттық сайыста ерен ерліктің үлгісін көрсеткен бейбіт күннің батыры жайында естеліктер айтылып, марқұмның ел - жұртына сіңірген еселі еңбекттері, әңгіме өзегіне айналып, ас беріліп, марқұмның рухына Құран кәрім бағышталды.
Бейсетай Дәуренбеков жайында естелік айтып, арнайы сөз кезегін алған құрметті қонақтардың деншілігі Арал-төбе орта мектебінің атауын алдағы уақытта бейбіт күннің батыры есімімен атаса деген ұсыныстарын жеткізіп жатты. Ал турнирдің өтуіне ерекше атсалысып, үлесін қосқан аудандық кәсіподақ төрағасы Самат Рақышев жарысқа демеуші болған азаматтарға ризашылығын білдіріп, бұл жарыс жыл сайын өткізілетін дәстүрлі спорттық сайыс болса деген ұсынысын ортаға салды.
Тартысты өткен турнирді қорытындылай келгенде Береке орта мектебінің командасы І-ші орынды жеңіп алса, ақтық сайыста өнер көрсеткен Аралтөбе орта мектебі ІІ-ші орынды еншіледі. Ал жүлделі ІІІ-ші орын №1 Жамбыл атындағы орта мектеп командасы місе тұтса, №2 Жамбыл атындағы орта мектеп спортшылары Құрмет грамотасымен марапатталды.
Марапаттау барысында Береке командасының ойыншысы Аслан Манат «Үздік шабулшы», Аралтөбе командасының намысын қорғаған Бүркіт Құрманбай «Үздік ойыншы», №1 Жамбыл атындағы орта мектеп оқушысы Батыр Еркінұлы «Үздік ойын үйлестіруші» номинациялары табысталды.
Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншаларды марапаттаған Аралтөбе орта мектебінің директоры Света Сәскебайқызы турнир демеушілер тарапынан берілген ақшалай сыйлықтарды табыстап, жарысқа қатысып, бақ сынаған спортшыларға сәт сапар тіледі.
Осылайша өрімдей 12 баланың өмірін сақтап қалған бейбіт күннің батырын еске алып, оның жасаған ерен ерлігін ұрпаққа ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған аудандық турнир дүбірге толы, жоғары денгейде өтті.
Аудан көлемінде ұйымдас-ырылған турнирде өз өнерлерін көрсеткен балғын спортшылар қасиетті Балқаш топырағынан жаралған дара перзентің ерен ерлігі жайында мол мағұлмат алып, рухани байлыққа бөленіп, тарқасты.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».