Бүгінгі таңда еліміздегі ең үлкен мәселе бұл халық арасындағы құқықтық сауаттың төмен болуы. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқықтық сауаттың төмен болуы жағымсыз үдерістердің белең алуына әкеледі деген болатын. Бұл мәселеге түптеп келгенде, ел ішіндегі ішкі тәртіптің бұзылуына әкеліп соғады. Себебі барлығымыз білетіндей заңды сақтау –әділеттіліктің негізі. Ал, әділетті қоғамда заң-теңдік пен тәртіптің кепілі болып табылады. Осыған орай еліміздің көптеген мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарында қызметкерлерді заңсыз әрекеттерден алыстату және сақтау үшін арнайы профилактикалық іс-шаралар өткізіліп отыратыны бәрімізге мәлім. Себебі құқықбұзушылық бұл заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет. Бүгінгі таңда заңбұзушылық әлемдік деңгейдегі өзекті мәселе болып табылады. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерден бастап, жас шамасы жоғары азаматтар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бұл қоғамдағы тыныштықты қалыптастырудың негізгі шарты.
#АдалАзамат
Кәсіподақ төрағасы С.Рақышев