«Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару және жастарды экологиялық бастамаларға тарту. Осы орйда, аудан жастары қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға қызығушылық танытып жүр. Ауданымызда жастардың қатысуымен саябақтар мен Іле өзенінің жағалауын тазалау, ағаш отырғызу ұйымдастырылды. Ақпараттық көрнекі-үгіт құралдары орнатылып, қалдықтарды сұрыптау бойынша шеберлік сыныптары өткізілді. Болашақта осындай шараларды тұрақты өткізу, көбірек қатысушыларды тарту және халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар ары қарай жалғасын табады.
Қоғамдық пікір көшбасшысы,
Бақбақты ауылдық аналар кеңесінің төрайымы З.Қоханбаева