Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік секторға таланттарды іздеу және тарту тапсырмасы аясында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі – талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тартуға, олардың біліктілік қабілеттері мен кәсіби шеберліктің дамытуға бағытталған жобасы Алматы облысында іске асырылуда. Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі – жастар мен мемлекеттік аппарат арасындағы көпір.
Мемлекеттік қызмет мектебі – таланттар пулын қалыптастырудың әдіснамалық нұсқаулықтары негізінде жоғарғы оқу орындарының түлектерін даярлау және мемлекеттік қызметке тарту жобасы аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекетік басқару академисының Алматы облыстық филиалынан оқыту курстарын өту арқылы жүзеге асыратын жоба. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеуді жоспарлап жүрген жоғарғы оқу орындарының, оқыту бағдарламасын өткен студенттерін мемлекеттік қызмет жұмысымен таныстыру және даярлау. Жас мемлекеттік қызметшілер мектеп түлектері 40 сағат даярлықтан өтеді. Даярлау бағдарламасын аяқтаған қатысушылар Алматы облысының Таланттар пулына қабылданады.
Алматы және Алматы облысы және басқа өңірлерде білім алушы өңір студенттерін қамту арқылы мемлекеттік қызмет қағидаттарын түсіндіру, ары қарай өз ісін жетік меңгерген маман болу концепциясы ретінде ұсынылған.
Мемлекеттік қызметшілер мектебі өзін оқыту және дамыту бағдарламасы ретінде көрсеткенімен оқуға келген тыңдаушылар, оқыту аяқталғаннан кейін жұмысқа қабылдануға әлеуметтік баспалдақ ретінде қабылдауы арқылы, еңселі жоба болуға уақыт көрсеткіш болатыны анық. Яғни, таланттар пулына кіруге мүмкіндік алған студенттер өзінің талғамы мен ұсынылған бағыттарға сай орналасуға, еліміздің өңірлерінде орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігің департаменттері, оның ішінде Алматы облыстық департаменті жүйелі жұмыс істеуге дайын.
Осы бағытта атқарылып жүрген әр-алуан іс-шаралардың қатарында ағымдағы жылдың және алдағы уақыттарда SDU University-мен бірлесіп «Job Fair» атты бос жұмыс жәрменкесін өткізу. Қонаев қаласының, Алматы қаласында орналасқан мансап ортылықтарымен, жоғарғы оқу орындарымен тиісті жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар, бітіруші студенттерге өздері қызығушылық танытқан мемлекетік органдардың негізгі жұмыс бағыттарымен таныстырылып, әрі қарай жұмысқа орналасу үшін оларға тиісті түрде кеңес беріледі.
Осылайша, жас мемлекеттік қызметшілер мектебі бағыты бойынша оқыту Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы тарихы терең, тамырланған мемлекеттік саладағы үлкен оқу орындарының бірі. Академиялық ұтқырлық және бостандық негіздерінде құрылған оқыту бағдарламасы жас түлектер үшін кәсіби маман болуға, орта қалыптастыруға ашылған оқу орны.
Түйіндей келе Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі әлеуеті жоғары, нақты айтқанда болашаққа бағдар бере алатын оқыту курстарының жиынтығы және бітіруші түлектерге арналған жоба ретінде жұмыс істеп келеді.
Абай ӘКІМБАЙ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы.