Осы аптаның бейсенбісі күні аудан әкімі Азат Құтпанбетовтың тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша аудан көлеміндегі барлық ауылдық округтерде тазалық жұмыстары жүргізіледі.
Ал аудан орталығы Бақанас ауылында Іле өзенінің жағалауын және ауыл көшелерін аудандық мекеме қызметкерлері өздеріне берілген тапсырма бойынша тазалық жұмыстарын жасады. Сембілік барысында саябақтарда егілген ағаш көшетері суғарылып, күл-қоқыстар мен күнделікті қолданылатын тұрмыстық қалдық заттар сембілік жұмыстарға арнайы бөлінген техникалар арқылы күл-қоқыс төгетін белгіленген орындарға шығарылды.
«Тазалық - денсаулық кепілі» дейді дана халқымыз. Сондықтанда өзіміздің тұрып жатқан ауылымздың тазалығын сақтап, тазаланған жерлерді ластамауға барынша тырысып бағайық құрметті аудан тұрғындары.
Өз тілшімізден.