2024 жылғы 03 маусымда 10 сағат 00 минутта Алматы облысы аумағында
азаматтық қорғаудың хабарлау жүйесін қоса отырып, жалпы облыстық
сейсмикалық жаттығулар өткізу жоспарлануда!
Сабыр сақтауыңызды сұраймыз, жаттығу оқу мақсатында өткізіледі!
Сейсмикалық жаттығулар кезінде ғимараттардағы суды, газды, электр қуатын
өшіріңіз. Дабыл чемоданыңызды алып, сыртқа шығыңыз. Сыртта қауіпсіз
орында, атап айтқанда электр желілерінен, тіректерден, ағаштардан және
ғимараттардан алыс қашықтықтағы ашық аумақта орналасыңыз.
Білім беру мекемеленінің басшылары! Оқушыларды (балаларды) ғимараттан
эвакуациялау жоспарын ңақтылаңыз және балаларды іргелес қауіпсіз аумаққа
орналастыру орындарын алдын ала анықтаңыз. Балалар мен студенттерді осы
қауіпсіз орындарға эвакуациялаңыз.
Жалпы облыстық сейсмикалық жаттығуды өткізудің мақсаты халықтың жер
сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын тексеру болып табылады.