4 маусым Қазақстан Республикасының рәміздер күні. Кез – келген Тәуелсіз елдің жеке мемлекет екенін айшықтап көрсететін мемлекеттік рәміз-дері – мемлекеттік Гимн, Ту және Елтаңба болуы хақ.
Еліміз алғаш Тәуелсіздік алған жылы ең алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қа-былдау арқылы бекітті. Содан кейін күн тәртібінде мемлекеттік рәміздерді қабылдау мәселесі тұрды. Еліміздің тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба тәуелсіздігіміздің жариялануы-ның дәл 130-шы күні, яғни 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні сол жылдың 11 желтоқсанында бекітілген болатын.
Рәміздер Қазақстан Респу-бликасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқа-лмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Мемлекеттік рәміздер-ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отан-сүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді.
Қазіргі таңда әлемдік сайттарда бақ сынаған спортшыларымыз жеңіс тұғырына кө-теріліп, мемлекеттік туымызды желбіретіп, әнұранымызды асқақтата орындап, Тәуелсіз мемлекетімізді әлемге танытуда. Алғашқы жылдардағыдай емес, қазіргі кезде еліміздің Гимнінің мәтінін білмейтін жан кемде-кем. Ол насихаттың жемісі десек, қателеспейміз.
Сонымен қатар Рәміздер балабақшаларда да, мектептерде де, жоғары оқу орындарында да, мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында да көрнекті ор-ындарға орналастырылған.
Әсіресе балабақшаларда өткізілетін іс-шараларда бүлдіршіндер оң қолдарын жүрек тұсына қойып «Менің Қазақстанымды» шырқағанда ерекше сезімге бөленіп, бір жігерленіп қаласың. Бұл біз-дің болашақтарымыздың өз еліне, өз елінің рәміздеріне деген айырықша құрметі екенін сезінесің.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үкілі үмітін, арман-тілегін жеткізіп, желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақ-татып, ел болашағын ойлаған жастарымыз қыран бүркіттей көк аспанда самғай берсін деген тілектеміз.
Кеңесбай СҮЛЕЙМЕНОВ. Балқаш ауданының Құрметті азаматы.