Өткен аптада «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының мәжіліс залында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттік инспекция комитетінің Балқаш аудандық аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен Агроөнеркәсіп кешені саласында қызмет атқарып жүрген мамандарға «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында жиын өтті.
Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары-әдеп жөніндегі уәкілі Бауыржан Дәрібаев, аудан прокуратурасының прокуроры Айдын Ғалымбекұлы, «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Марат Ноғайбай, аудандық «Балқаш өңірі» газеті директор - бас редакторының орынбасары Бақтығали Дәуітбаев, ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау, қадағалау комитетінің Балқаш аудандық аумақтық инспекция басшысы Ернар Құрағұлов және аудандық аумақтық инспекциясының мамандары арнайы қатысты.
Келелі жиын барысында аудандық аумақтық инспекция басшысы Анатолий Мыңғышов пен Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының Балқаш аудандық филиал басшысы Ардақ Мұсаханов күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша баяндамаларын жасады.
Жиында сөз кезегін алған Анатолий Қорабайұлы «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемкорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, олардың жолын кесу біздің азаматтық парызымыз» деп өз ойын ортаға салды.
Ал Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының Балқаш аудандық филиал басшысы Ардақ Мұсаханов «Еліміздің болашағына төнетін қауіпті жою- ол сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Әрбір сыбайлас жемқорлық жағдайы – біздің елімізге, оның экономикасына және қоғамға соққы. Елімізге біздің жанқиярлығымыз бен адалдығымыз қажет. Қоғамы-мыздың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін, сыбайлас жемқорлықпен күресеміз. Сыбайлас жемқорлық – бұл біздің қоғамға төнген қауіп қана емес, әдемі әлемде өмір сүруге міндетті болашақ ұрпақ үшін жоғары қауіп-қатер. Бұған жол бермейік, адал әрі парасатты болайық» деп жиынға қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға шақырды.
Келесі кезекте сөз алған «AMANAT» партиясы Балқаш аудандық филиалының төрағасы Марат Нұраұлы сыбайлас жем-қорлықтың қоғамға кері әсерлері жайында өз ойын ортаға салды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары-әдеп жөніндегі уәкілі Бауыржан Дәрібаев қызметкерлердің жұмыстарына сәттілік тілей отырып, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасамауға, жалпыға ортақ мо-ральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заң талаптарын қатаң ұстануға шақырды.
Аудандық аумақтық инспекция.