Осы аптада аудан әкімі Азат Құтпанбетов Құйған, Жиделі, Балатопар, Қарой ауылдық округтеріне арнайы барып, кездесу жиындар өткізді.
Кездесу жиындарды жүргізген аудандық мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына, «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің № 826 Жарлығына сәйкес аудан әкімінің әр ауылдық округте жылына екі рет көшпелі кездесуін өткізу көзделгенін негізге ала отырып, аудан әкімі Азат Құтпанбетовтың кездесу жиын өткізуге келіп отырғанын хабарлап өтті.
Құйған ауылдық округінде өткен жиында ауыл тұрғындары ауылдық Мәдениет үйінен домбыра үйірмесі ашылса, Іле өзенінің Балқаш көліне құяр сағасына механикалық тазалау жұмыстары жасалынса деген ұсыныстарын білдіріп, ауылдың тыныс-тіршілігі жайында бірқатар мәселелерді ортаға салды.
Жиделі ауылында өткен кез-десу жиын барысында ауыл тұрғындары денсаулық саласы, су құбыры, жарық мәселесі, мал ұрлығы, тұрғын үй кезегі жайында мәселелерді көтерді.
Ал Балатопар ауылында өткен жиында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер ауылдың болашағы жайында болды. Кездесу жиында балатопарлықтар Бақанас-Құйған бағытында жолаушыларды тасымалдайтын автобус болса деген тілектерін жеткізіп, қысқы мал азығы, отын, көмір және Топар -1, Топар -2 өзендерінің арналарына жүргізіліп жатқан механикалық тазалау жұмыстары жайында әңгіме өрбітті.
Ал аптаның жұмасы күні аудан әкімінің халықпен кездесу жиыны Қарой ауылдық округінде өз жалғасын тапты.
Жиын барысында ауыл тұрғындары интернет мәселесі, ауылдық ауруханадағы құрал-жабдықтар жаңартылса, ауыз су мұнарасы ауыстырылып, су құбырлары жаңартылса, саябақты көгалдандыру үшін су құбыры жүргізілсе, ауыл әкімдігінің ғимаратына күрде-лі жөндеу жасалса деген ұсы-ныстарын білдірді. Сонымен қатар З.Быдышов, Мектеп көшелерінің қиылысына жол белгілерін орнату, ауыл жастарына спорт үйірмелері ашылса, Қ.Есімбеков көшесіне тас жол төселсе, көшелерге түңгі жарықтар орнатылса деген ті-лектерін іркіп қалмады.
Жиын соңында аудан басшысы бірқатар ауыл тұр-ғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың мәселелеріне құлақ түріп, ауыл әкіміне тапсырмалар жүктеді.
Аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдық округтерге атбасын бұрған аудан басшысы кездесу жиынның алдында сол ауылдық округтердегі білім, денсаулық саласының ғимараттарына барып, қысқы жылыту маусымы мен тағы да басқа мәселерді көзбен көріп, бірқатар кемшіліктерді сынға алды.
Жоғарыда аталған ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлеріне назар аударған аудан басшысы Азат Үкітайұлы осында айтылған барлық өзекті мәселелерді, өтініштерді назарға алып, олардың орындалуын өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Бақтығали ДӘУІТБАЕВ, «Балқаш өңірі».