ӨТКІНШІ ҚИЫНДЫҚТАРДАН ДА ӨТЕРМІЗ

35f6268f-79c7-4e9f-94e6-84023e38994b.jpg

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен сол бағыттта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жасаған өзінің  баяндамасында елімізде үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталып, мұнай өңдеу көлемі 3 млн.тоннаға өскенін және  жылына шамамен 17 млн.тонна шикі мұнай өнделетінін әңгіме арқауына айналдырды.

 Министр өз сөзінде өткен жылы дизель отынын шығару бойынша рекордты көрсеткіш – 5,2 млн. тоннаға жетсек те, қазіргі жағдайда еліміздің бірқатар өңірлерінде дизель тапшылығы бар екенін, сонымен қатар экономикаға маңызды өнеркәсіп секторы болып саналатын тау-кен метталлургия  кешені және темір жол салаларының тұтыну көлемі сол қалпында қалды, яғни өскен жоқтығын тілге тиек етті.

Әрине жанар-жағар майдың қымбаттайтыны қай салаға да болсын оңай соқпайды. Әсіресе қазіргі таңда яғни маусымдық кезеңде егін егумен айналысып жатқан диқаншылардың көктемгі дала жұмыстарын ойдағыдай атқаруларына кедергі келтіретіні жасырын емес. Аграрлы ауданымыздың негізгі саласының бірі-егін шаруашылығы болғандықтан мен диқаншылардың жағдайын жақсы түсінемін. Оларға бүгінгі таңда жанар-жағар майдың әрбір тамшысы ауадай қажет.  Десек те бұл шешім қазіргі нарықтық жағдайға байланысты болғандықтан түсіністікпен қараған дұрыс деп есептеймін.

ҚР Энергетика министрлігі, осы тұрғыда АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін, дизель отынының бағасы литріне 295 теңгені құрайтынын айтты. Сала өкілдерінің мәліметінше, жанармай бағасының 11% қымбаттағаны көп нәрсеге әсер етпейді. Тіпті, қарапайым халықтың қалтасына да ауыртпалық салмайтындығын жеткізді. Сондықтан бензин мен дизель отынының тапшылығы болып, жұмысымыз тоқтап қалғаннан, мөлшердегі өсім еліміздегі тұрақтылықты сақтайды деп сенемін.

Еліміздегі соңғы өзгерістерге байланысты бағаның қымбаттайтыны біз үшін қуантарлық жаңалық деп айта алмаймыз.  Бұл жағдайға барынша түсіністікпен қарағанымыз абзал деді министр.

Әрине бұл өтпелі құбылыс екенін аудан тұрғындары жақсы түсініп отыр. Бұл өтпелі қиындықтан да өтетінімізге кәміл сенеміз. Ең бастысы елдің ынтымағы берік, бірлігі бекем болса, жұмылған жұдырықтай ауызбіршілікпен жұмыстарды жалғастыра беруіміз қажет. Мемлекеттің бүгінгі таңда ұстанып отырған саясаты елдің жағдайын арттыруға бағытталғанын ұмытпауымыз керек.

 

                     Бақыт СҚАБАЕВ, Балқаш аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.


 

                    


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН БАСТЫ БАҒЫТТАРҒА ТОҚТАЛДЫ
  • ХАЛЫҚ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕНІҢ ТАМЫРЫН ДӨП БАСТЫ
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ БІРЫҢҒАЙ БАЗАЛЫҚ ТОПТАМАСЫН ЖАСАУДЫ ТАПСЫРДЫ
  • ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА