Назарда болсын!

Ауылдық елдімекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидалары

Балқаш ауданының экономика және қаржы бөлімі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне  әлеуметтік қолдау шараларын ұсынатын бағдарламаның әкімшісі болып табылады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітіліп, 2020 жылғы 30 қыркүйегінде  №72 бұйрығымен өзгеріс енгізіліп, бекітілген. Өзгертілген бағдарламаның ерекшеліктері ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шаралары қамтылған. Бұл бағдарлама шеңберіндеде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген мамандарға берілетін көтерме жәрдемақы көлемі 100 айлық есептік көрсеткіш есебінде           2022жылға бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдеріне сәйкес 64 маманға көтерме жәрдемақыға 19 603 000  (он тоғыз миллион алты жүз үш мың)теңге, 19 маманға бюджеттік несиеге 82 607 000 (сексен екі миллион алты жүз жеті  мың) теңге бөлініп,берілді. 2023жылға 35 маманға көтерме жәрдемақы 12 075 000 (он екі миллион жетпіс бес мың) теңге, 20 маманға бюджеттік несиеге 107 300 000 (Бір жүз жеті миллион үш жүз мың) теңге қаражат бөлінді.

- Сонымен қатар сатып алынатын тұрғын үйлері  жақын туыстарынан (жұбайынан (зайыбынан), атасынан (әжесінен), ата-аналарынан (оның ішінде асырап алушылардан), балаларынан (оның ішінде асырап алынғандарынан), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастарынан) тұр-ғын үй-жай сатып алуға, сондай-ақ азамат тұрақты тұратын тұрғын үй-жайды сатып алуға болмайды.

Жалпы аудан бойынша дипломмен ауылға бағдарламасы-мен 2009-2010 жылдан бастап  473 маманға көтерме жардем ақыға 79,0 млн тенге, 267 маманға бюджеттік несие беріліп,  704,0 млн тенгеге 267 үй сатып алынды.

Алдағы уақытта дипломмен ауылға бағдарламасымен мамандар құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығымен қатар онлайн егов арқылыда өткізуге болады.Ол үшін электронды цифр-лық қолтаңба ашып,сол арқылы үйден шықпай ақ тапсырылатын болады.

 

Аудандық экономика және қаржы бөлімі.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН БАСТЫ БАҒЫТТАРҒА ТОҚТАЛДЫ
  • ХАЛЫҚ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕНІҢ ТАМЫРЫН ДӨП БАСТЫ
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ БІРЫҢҒАЙ БАЗАЛЫҚ ТОПТАМАСЫН ЖАСАУДЫ ТАПСЫРДЫ
  • ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА