Қонаев қаласының ақ жаулықты әжелері сайлауға ретроавтокөліктерге мініп барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өткен ғасырдың ортасында шығарылған көліктерді қаланың құрметті азаматы Мұрат Сіргебаев жаңалаған. Бүгінгі автошеруге он автокөлік шықты. Бұл көліктер Қонаевтың көркіне айналды.
Сайлау учаскелерін аралап, белсенділік танытқан қариялар осы саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Жалпы, Кеңес Одағы кезінде шығарылған "Волга", "Газ", "Иж" маркалы көліктерді толық реставрациядан өткізуге ондаған жылдар мен қыруар қаржы жұмсалыпты.
"Таңғы сағат жетіден өзімнің сайлау учаскеме барып дауысымды бердім. Әр мереке сайын көрікті қаламызда ұйымдастырылатын мәдени іс шараларға белсенді қатысамыз. Автошеру өткізу дәстүрге айналды. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамында жиырма ретроавтокөлікті қатысатын автошеру өтакіземіз", - дейді қаланың құрметті азаматы, кәсіпкер Мұрат Сіргебаев.
Саламат Сабыр