AMANAT партиясының үміткері Балқаш аудандық мәслихат депутаты болып сайланды

news31172.jpg

        8 желтоқсанда өткен Балқаш аудандық мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлауда «AMANAT» партиясынан ұсынылған Ғалымбек Әбдіқұлов айқын жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 1090 дауысына ие болып, ең жоғары көрсеткішті көрсетті.

        Сайлауға 2471 сайлаушы тіркелген болса, олардың 1265-і өз таңдауларын жасады. Бұл 51,2% қатысуды құрайды. 

        Ғалымбек Әбдіқұловтың сайлауалды бағдарламасы ауыл шаруашылығын дамыту, инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешу сынды нақты бағыттарды қамтыды. Оның өңірге сіңірген еңбегі мен тәжірибесі сайлаушылардың қолдауына негіз болды.

        Ғалымбек Әбдіқұлов – ауыл шаруашылығы саласында 37 жылдық тәжірибесі бар беделді азамат. Қазіргі уақытта «Бақанас-Астық» АӨК-нің төрағасы болып қызмет атқарады. Оның жетекшілігімен кооператив ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруда және өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуда маңызды рөл атқаруда.

        Сайлауда басқа кандидаттар Гүлмира Бакирова 87 дауыс, ал Нұрлан Закарин 76 дауыс жинады. Сонымен қатар, 5 сайлаушы «Барлығына қарсы» деген таңдау жасады.

        Айта кету керек, сайланған депутат ретінде Ғалымбек Әбдіқұлов өңір тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және ауыл шаруашылығын қолдауға белсене атсалыспақ.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • "Таза Қазақстан" акциясы «атадан мал қалғанша тал қалсын»
  • Ел дамуының тұрақты тұтқасы
  • «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»
  • «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы - тек бір рет өткізілетін сенбілік емес
  • ДЕПАРТАМЕНТПЕН ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ