Жолдау елдің дамуының жаңа кезеңіне өтуіне жол ашады

df8128a0-a900-4a24-83c8-cb49092d6f8d.jpg

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы мемлекет дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерден бастап, экология мен саяси реформаларға дейінгі әртүрлі салада маңызды реформалар ұсынылды.

    Бұл Жолдау елдің дамуының жаңа кезеңіне өтуіне жол ашады. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қатысты реформалар назардан тыс қалмады. 

Жолдауда оқытушылардың  жалақысын арттыру, білім сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдауды ұсынды. 

    Мемлекет басшысы Жолдауында сапалы білім беру мәселесі басты тақырыптардың бірі болды. Президент білім беру жүйесін жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі білім беру стандарттарына сай болуын қамтамасыз ету үшін бірқатар нақты шараларды ұсынды. Бұл қадамдар елдің болашақтағы дамуы үшін шешуші мәнге ие. 

    Жоғары білім саласында университеттер мен колледждердің білім беру сапасын арттыру және олардың халықаралық рейтингтердегі орнын нығайту міндеті қойылды. Академиялық еркіндікті қамтамасыз ету, білім беру мекемелерінің заманауи технологияларды қолдануын және студенттердің қажетті дағдыларды меңгеруін қолдау туралы айтты. Бұдан бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстанның ғылым саласындағы әлеуетін арттыру мақсатында ғылым мен білімді біріктіру, инновациялық жобаларға қолдау көрсету керектігін атап өтті. Ғылыми зерттеулер мен жаңа технологияларды өндіріске енгізу елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосатыны айтылды.

Қоғамдық пікір көшбасшысы, 

аудандық аналар кеңесінің мүшесі


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Заң мен Тәртіп қағидаты Қазақстан қоғамының идеологиялық және саяси темірқазығына айналуға тиіс
  • Заң бәріне бірдей
  • «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару
  • Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығын тұрақтандыру үшін шаралар жасауда
  • Үкімет ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз етуде