Мемлекет басшысы үнемі адам құқығын қорғау мемлекеттің басты міндеті екендігін айтады. Әсіресе, қоғамдағы жағдай мен өмір сапасын жақсарту туралы соңғы үндеуінде адам құқығын қорғауды күшейту туралы нақтылады.
Жалпы, егемен елдің ертеңі айқын болуы үшін адам құқығы қорғалып, мықты заң жүйесі қабылданып, адам мемлекеттің қорғауында екендігін сезіне білуі керек. Сонда ғана мемлекеттің басты байлығы болған адам өзінің қоғамға қажетті екендігін сезіне алады. Шынымен де қоғамның дамуы, орнығуы үшін заң мен тәртіп басты назарда болуы тиіс. Өйткені адам құқығы мен бостандығы қорғалған мемлекеттің келешегі де кемел болмақ.
Әрбір адам әрбір істеген ісін ойланып басып, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне білуі тиіс. Ал мемлекет тиісінше әрбір азаматтың құқығын қорғап, Ата заңымыздың қастерлеп, адам өміріне кесел келтіретін істерге бармауы керек.
Қоғамдық пікір көшбасшысы, медиатор Б.Шыбықбаев
#Заң_мен_Тәртіп
#Жауапкершілік