Қонаевта 150 адам үйден дауыс берді

a6928368-9a11-4043-b44a-f8e2d795cdac.jpg

Жалпы Алматы облысының орталығында мүгедектігі бар 1088 адам тіркелген. Ал референдум учаскесіне бара алмайтын жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар 150 адамнан үйден дауыс беруге өтінім түскен.


Соның бірі жасы 80-нен асқан Грищенко Лидия Федоровна. Ол қаладағы 2-шағынауданда тұрады. 1941 жылы дүниеге келген. 


«Қартайған шағымда да қоғам өміріне белсене атсалысқым келді. Сондықтан үйден дауыс беруге өтінім бердім. Референдум – маңызды оқиғаның бірі. Дауыс беру – азаматтық парызымыз», - деді әжей. 


5 баланы өсіріп, жеткізген апа бала-шағасы да түгел дауыс бергенін атап өтті.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өнегелі отбасы
  • АУЫЗБІРШІЛІКТЕРІН ТАНЫТТЫ
  • Жители шамалганского сельского округа с 5 различными электросамокатами пришли и проголосовали в №426
  • Бүгін Жамбыл ауданында халықты референдумға белсенді қатысуға шақыру
  • Сегодня в Жамбылском районе была проведена акция