Президент АЭС салу жөніндегі референдумда дауыс берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берген соң, брифингте журналистердің сұрағына жауап берді.
БАҚ өкілдері Президенттен референдум қорытындысы бойынша халық АЭС құрылысын қолдаса, оны кім салатынын сұрады.
«Бұл оңай сұрақ емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздерді жүргізуге тиіс. Бірақ менің жеке көзқарасым Қазақстанда ең жетекші технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек. Содан кейінгісін, былайша айтқанда, өмір көрсетеді», - деп жауап берді Тоқаев.