ЖОЛДА АБАЙ БОЛУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Аудан бойынша автомобиль жолдарында қалыптасқан жағдайға жасалған талдау, бірқатар негативті фактілерді анықтап отыр.

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда орын алған жол-көлік оқиғалар саны 2-ден 6-ға дейін, ал сол жол-көлік оқиғаларының салдарынан әртүрлі дәрежедегі жарақат алған азаматтар саны 2-ден 21-ге дейін немесе 1050% күрт өскен.

Тәжірбие дәлелдегендей жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – автомобиль жүргізушілерінің жылдамдық режимін дұрыс таңдамау, көліктерінің жарық беретін құралдарының дұрыс істемеуі болмаса және реттелмеуі. Көрсетілген себептермен қоса өз шешімін таппай отырған мәселе: ауыл-шаруашылық малдарының жол белдеуінде жайылуы, жолдың бетіне шығып кетуі.

Осы жағдай әсіресе түнгі уақытта өте қауіпті. Мысалы, 2024 жылдың сәуір айының 21 күні Үшжарма ауылының тұр-ғыны азамат А. өзінің иелігіндегі авто-көлікпен  Қонаев-Бақанас-Қарой тас жолымен шығысқа қарай бет алып, аталған жолдың 62-ші шақырымында жолдағы жылқыны қаққан.

Орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан 2020 жылы туылған автокөліктегі Қ есімді жолаушы жол-көлік оқиғасынан алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Жол-техникалық инспекциясының көлік жүргізушілеріне және жолау-шыларға беретін кеңесі: көліктеріңіздің техникалық жағдайына қатты көңіл бөліңіз, көлік жылдамдығын қатаң бақылауға алыңыз, жол үстінде кенеттен жағдайдың өзгеріп кетуіне әрдайым дайын болыңыздар, ағайын!

Ринат КӘрІбаев, Балқаш АПБ-нің ӘПБ-нің жол-техникалық инспекция тобының аға мемлекеттік инспекторы, полиция майоры.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өнегелі отбасы
  • АУЫЗБІРШІЛІКТЕРІН ТАНЫТТЫ
  • Жители шамалганского сельского округа с 5 различными электросамокатами пришли и проголосовали в №426
  • Бүгін Жамбыл ауданында халықты референдумға белсенді қатысуға шақыру
  • Сегодня в Жамбылском районе была проведена акция