СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей, біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп  отырғандығы сөзсіз.

Сыбайлас жемқорлыққа қар-сы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Әсіресе халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.       

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың ти-істі қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады.

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» - деп Бауыржан Момыш-ұлы атамыз айтып кеткендей, бір жұдырықтай болып сыбайлас жемқорлықпен кү-ресуге бар күш-жігерімізді салуға шақырамын. Қазақстан Республикасының азаматы және мемлекеттік қызметкер ретінде қоғам жастарына үлгі көрсетіп, жауапкершілігімізді арттырып, заң мен адалдықты алға қойып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру міндетіміз екенін, ұмыт-пайық.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құр-меттеуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлықпен кү-ресу, оны жою әрбір адамның мемлекет алдындағы азаматтық борышы деп есептеймін.

Сыбайлас жемқорлықты жеңген күнде ғана еліміз көр-кейіп, жаңа белестерге жете аламыз. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа бәріміз бірге «ЖОҚ» дейік!

                                                                                                      Желтораңғы ауылдық округі әкімінің аппараты.

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өнегелі отбасы
  • АУЫЗБІРШІЛІКТЕРІН ТАНЫТТЫ
  • Жители шамалганского сельского округа с 5 различными электросамокатами пришли и проголосовали в №426
  • Бүгін Жамбыл ауданында халықты референдумға белсенді қатысуға шақыру
  • Сегодня в Жамбылском районе была проведена акция