ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ – ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДІҢ ТЕҢДІГІ

Гендерлік саясат - қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу болып табылады. Бұл -  қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет екені белгілі.

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұ-мысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті - отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру.

Гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» атты заңдармен реттеледі. Бұл заңдар азаматтардың мүд-делері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Гендер-лік саясат әйелдерге тең қолжетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет.

Бүгінгі таңда елімізде гендерлік саясат өріс алып, әйел құқығының қоғамдағы рөлі айқындала бастады. Қыз-келіншектердің құқығы қор-ғалып, олардың қоғамдағы рөлін көтеру ісі мемлекеттік деңгейде қолға алына басталды. Әртүрлі қызметтің биік шыңдарында әйелдер ерлермен иық тіресе қызмет етіп жүргені бәрімізге мәлім. Ең бастысы, әйел қо-ғамның тең құқылы мүшесі екен-дігінде.

Қазіргі таңда бюджеттерді және әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік бағдарла-масын дайындау үрдістерінде гендерлік көзқарасты енгізу қолға алынып жатыр. Әйелдер өздерінің жеке басының әлеу-еті мен адами әлеуетін іске асыра отырып, әлеуметтік да-мудың барлық процестеріне тең дәрежеде қатысатындығы азаматтық қоғамның одан әрі жетілуіне ықпал ететіні сөзсіз.

    Гүлбақыт ЕРҒАЛИ, аудандық соттың бас маман-сот мәжілісінің хатшысы. 

 

 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығын тұрақтандыру үшін шаралар жасауда
  • Үкімет ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз етуде
  • Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылық
  • Жолдау елдің дамуының жаңа кезеңіне өтуіне жол ашады
  • Бұл таза және сау ортаны құруға бағытталған саналы қадам