2005 жылы Будапештте (Венгрияда) өткен сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде белгіленген және Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдаған Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі.
Жыл сайын дүниежүзілік сайлау күні ақпанның алғашқы бейсенбісінде барлық елдерде атап өтіледі. Биыл мереке 2024 жылы 1 ақпанда сәйкес келіп отыр.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен 2024 жылдың 2 ақпан күні Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясында «Ашық есік күні» өтеді.
2019 жылдан бері ауданда аумақтық сайлау комиссиялары тұрақты түрде жұмыс атқаруда. Сол уақыттан бері өткізген сайлаулар, 2019 жылдың 9 маусымда Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы, 2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы, 2021 жылы 25 шілдесінде ауылдық округ әкімдерінің сайлауы пилоттық жобада өткізілді. Ал 2022 жылы 20 қарашада Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы өткізілсе, 2023 жылы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы және 2023 жылы 5 қарашада аудан әкімінің сайлауы пилоттық жобада өтті.
Балқаш ауданында 36 сайлау комиссиялары құрылған, оның ішінде 1- Балқаш ауданының аумақтық, Балқаш аудандық мәслихат депудаттарын сайлау жөніндегі, 12- округтік және 23- учаскелік сайлау комиссиялары болса, олардың құрамында жалпы саны 196- сайлау комиссия мүшесі бар.
Жалпы айтқанда сайлау жауапты әрі саяси науқан. Сайлауда дауыс беру - әр адамның азаматтық борышы! Өйткені, сайлаушылар көп болған сайын, сайлау соғұрлым адал болады.
Аудандық сайлау комиссиясы.