ОБЛЫС БАСШЫСЫ ХАЛЫҚ СЕНІМІНЕ ИЕ БОЛҒАН ӘКІМНІҢ АЛДАҒЫ ЖҰМЫСЫНА ТАБЫСТАР ТІЛЕДІ

    8c20071a-3348-4ac4-aa11-375d79de21f4.jpg    

Осы аптада ауданымызға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен келіп, аудан активімен жиын өткізді. Өңір басшысы  өз сөзінде Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасына сай 5 қарашада Балқаш, Жамбыл аудан әкімдерінің сайлауы өткенін жеткізді. Бұл қоғамды демократияландыру, өңірдегі атқарушы биліктің маңыздылығын арттыру,  жергілікті билікті басқаруға оң серпін беруге негізделген іс-шара екенін атап өтті.  Мұнан соң сөз кезегін сайлау қорытындысын жариялап, аудан әкімінің лауа-зымдық куәлігін табыстау үшін аудандық аумақтық сайлау ко-миссиясының төрағасы Марат Ноғайбайға сөз кезегін берді.

    Келесі кезекте сөз алған Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов сайлауға «AMANAT» партиясы атынан түскенін, халық сенімі үлкен аманат екенін, осы уақытқа дейін жинаған бар білімі мен тәжірибесін, күш-жігерін аудан-ның өсіп-өркендеуіне жұмсай-тынын жеткізді.

«AMANAT» партиясы облыс-тық филиалының төрағасы Қуат Байғожаев та сөз алып:

    –Аудан әкімін сайлаудың пилоттық жобасына өз үмітке-рімізді қоса отырып, сайлау алдында тұрғындармен бірнеше рет жүздесіп, шалғай ауылдарда кездесулер өткізіп, насихат жұмысын жүргіздік. Соның нәтижесі болар, партия атынан сайлауға түскен Азат Құтпанбетов көпшіліктің басым дауысымен аудан әкімі болып сайланды. Қолдап, дауыс бергендеріңіз үшін партияның атынан үлкен алғыс айтамын, – деді.

    Аудандық Ардагерлер кеңе-сінің төрағасы Бақыт Сқабаев болса, ел Президенті әділетті, халықтың үнін еститін мемлекет құрамын деп уәде еткенін, бүгінгі сайлау соның бір дәлелі екенін айта келе, жаңа сайланған басшыға  үлкен сенім артты. 

    Актив жиынын қорытынды-лаған облыс әкімі халық сеніміне ие болған Азат Үкітайұлы ауыл-дың жайын, әлеуметтік, басқа да проблемасын жақсы біледі. Бірлік болса, шешілмейтін тірлік жоқ. Баршаңызды жаңа аудан әкіміне қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді.

    Бұдан соң облыс әкімі Азат Үкітайұлын орынтағына отырғызып, Балқаш ауданын дамыту жолындағы жұмысына абырой мен жеміс тіледі.

 

Өз тілшімізден.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Өнегелі отбасы
  • АУЫЗБІРШІЛІКТЕРІН ТАНЫТТЫ
  • Жители шамалганского сельского округа с 5 различными электросамокатами пришли и проголосовали в №426
  • Бүгін Жамбыл ауданында халықты референдумға белсенді қатысуға шақыру
  • Сегодня в Жамбылском районе была проведена акция