Мектепке оқушы хиджабпен келуге болама?

ed7189df-e1c1-4f2a-9668-08bd4f60808a.jpg

Үкімет отырысынан шыққан Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа журналистер «Қазір әлеуметтік желіде (Оқу ағарту министрлігі) мектепте хиджаб киюге рұқсат берді деп ақпарат тарап жатыр. Енді мектепке хиджаб киіп келуге бола ма?» деп сұрақ қойған болатын.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Конституция бойынша Қазақстан зайырлы мемлекет. Мектеп те зайырлы болып саналады. 2016 жылы бекітілген оқушылардың (мектептегі) формасы мен киміне қатысты бұйрық бар. Ол өзгерген жоқ. Сондықтан балалар мектепке оқушы формасымен келуі керек. Бұл балалардың бірдей білім алуы үшін жасалып отыр. Сондықтан бұл бағытта өзгеріс жоқ. Бәрі заң аясында әрі балалар мектепке белгіленген тәртіп бойынша келуі керек. Ал Бұйрық бойынша (оқушы) мектепке формамен келу керек. Мектепке келудегі мақсат – баланың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы. Енді көтеріп отырған мәселе (мектепте оқушылардың хиджаб киіп келуі) мұны шеше ала ма? Біріншіден, негізгі мақсат пен адамдардың қосымша ойын шатастырмауымыз керек. Бала (мектепте) сапалы білім мен саналы тәрбие алуға міндетті. Оны ата-ана қамтамасыз етуге міндетті. Ол заңда белгіленген. Сондықтан бәріміз заңды орындауға міндеттіміз», - деп толыққанды жауап берді.

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН БАСТЫ БАҒЫТТАРҒА ТОҚТАЛДЫ
  • ХАЛЫҚ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕНІҢ ТАМЫРЫН ДӨП БАСТЫ
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ БІРЫҢҒАЙ БАЗАЛЫҚ ТОПТАМАСЫН ЖАСАУДЫ ТАПСЫРДЫ
  • ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА