МЕДИЦИНА САЛАСЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА ТОЛЫ

f1d3b274-b28f-43eb-b3d3-5d170c5b9c56.jpgf1d3b274-b28f-43eb-b3d3-5d170c5b9c56.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласының дамуына айрықша көңіл бөліп келеді. Өзінің жыл сайын халыққа арнайтын Жолдауында да медицина саласына кеңінен тоқталып, оның заман ағымына қарай бейімделуін, жоғары қарқын- мен дамуын тез арада қолға алу қажеттігін нықтап айтты.

Әділетті Жаңа Қазақстанға бет бұрған, өзгеріс пен жаңашылдықты көздеген мемлекет алдында қоғамдағы  басты байлық саналатын адам өмірінің денсаулығын сақтау үшін медицина бұрын-соңды болмаған қарқынмен даму қажеттігін әңгіме өзегіне айналдыра отырып, өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Бірінші-ұлт денсаулығы. «Ұлт саулығы жақсы болса жаңа қоғам орнықты дамиды» деді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ өз сөзінде: Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйіткілдер бір мезетте шешілмейді.

Сондықтан осы маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі-қаржыландыру жүйесі» деді.

Ұлттық жоба негізінде еліміздегі 650 елді мекенге медициналық және фельдшерлік бөлімшелер салу басталып та кетті. Бұл бағытта Балқаш ауданы көлемінде Ақдала, Миялы және Қарой ауылдарында аталмыш медициналық нысандардың құрылыс жұмыстары қолға алынып жатыр. Бұл бастама келер жылы да өз жалғасын табатын болады. Шалғай ауылдарға салынып жатқан мұндай нысандар халық денсаулығын сақтауда айтарлықтай роль атқаратыны  айқын. Жоғарыда айтып өткенімдей, шын мәнінде кейінгі жылдары медицина саласы жаңашылдыққа толы. Өйткені Президентіміздің жүргізіп отырған реформасының нәтижесі алғашқы жемісін беріп те үлгерді. Бұл тұрғыда әсіресе Ұлттың денсаулығына ерекше көңіл бөлініп отыр. Ақиқатына жүгінер болсақ, шыныменде денсаулық болмай, білім де, ғылым да, жақсы өмір де жоқ.

Президент осы мәселені дер кезінде қолға алды. Ендігі жұмыс біздің қолымызда. Гиппократ антына адал қызмет жасасақ, біз алмайтын қамал, біз алмайтын асу жоқ. Әсіресе заман ағымына ілесу, жаңашылдыққа ұмтылу, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды өз деңгейінде меңгеру, жас мамандарды біліктілікке тәрбиелеу,  жалпылай айтсақ, адам денсаулығын сақтау жолында тынымсыз қызмет жасауымыз керек-ақ.

Халық арасында «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде!» деген тәмсіл бекерден-бекер айтылмаса керек. Барлығымыздың илегеніміз  бір терінің пұшпағы. Ендеше, 

 Мемлекет басшысының қолға алған реформаларын жергілікті жерлерде жүзеге асыру жолында күн-түн демей жұмыс жасайтын боламыз.


Қамар ИБРАИМОВА, Балқаш аудандық Орталық аурухана директорының міндетін атқарушы.


 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН БАСТЫ БАҒЫТТАРҒА ТОҚТАЛДЫ
  • ХАЛЫҚ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕНІҢ ТАМЫРЫН ДӨП БАСТЫ
  • Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күн» науқаны басталды
  • МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ БІРЫҢҒАЙ БАЗАЛЫҚ ТОПТАМАСЫН ЖАСАУДЫ ТАПСЫРДЫ
  • ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА