ТӨЛ ТЕҢГЕМІЗГЕ-30 ЖЫЛ!

a26c42be-36df-4ff3-8f36-9adcd772f962.jpg

1993 жылдың 15 қараша-сында Қазақстан халқының  тарихында тұңғыш рет төл валютамыз- теңге енгізілді. Теңге  халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы қол жеткізе алмай келе жатқан асқаралы армандарының бірі болатын.

Төл теңгеміздің қолданысқа енгізілгеніне биыл -30 жыл толып отыр.

Ауданымызда ақша айырбастау жұмыстары Ұлттық Банктің Бақанас есептеу-кассалық орталығында және  Акционерлік қоғам «Алтындән-банктің» Бақанас бөлімшесінде жүргізілген болатын.

Бүгінгі таңда Қазынашылық жүйесінде жемісті еңбектерімен ел құрметіне бөленіп жүр-ген жандар: аудандық қазынашылық басқармасының басшысы  Бағдат Бекбергенұлы Ақкүшіков,  басқарма бас-шысының орынбасары Қалампыр Мейрамбекқызы Дәуітбаева, бас маман-бас қазынашылар - Қонақбаева Гүлмира  Сапарбекқызы, Мариям  Әбілханқызы Бөртебаева еліміздегі елеулі оқиға - ұлттық валютамыздың дүниеге келген сәттерінде халқына аянбай  қызмет көрсетті, сол бір қиын да қарбалас сәттерде уақытпен санаспай жұмыс істеп, өзде-рінің жігерлі еңбектерін, қажыр-қайраттарын егемен еліміздің қарыштап қадам басуына арнаған  бұрынғы банк қызметкерлері, қазіргі мемле-кеттік қызметкерлер.

Сонымен қатар, мемлекеттік бюджеттің атқарылуына  тиімді бақылау жүргізіп, өткізуді қамтамасыз ететін  аудандық қазынашылық басқармасында білікті мамандар-бас маман-бас қазынашылар Айгүл Шамғұнқызы Қошаханова, Гүлшат Асқарқызы Асқарова, басқарма хатшысы Толқын Мұсажалиқызы Жақан жемісті қызметтер атқаруда. 

             Өз тілшімізден. 

 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ТӨЛ ТЕҢГЕМІЗГЕ-30 ЖЫЛ!
  • Руководитель Департамента Агентства РК по противодействию коррупции по Алматинской области Ернар Мак