Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір еліміздің әлеуметтік саласында ауқымды жұмыс істеліп жатыр»

1.png

«Соңғы үш жылда 746 мың оқушыға арналған 600-ге жуық мектеп салынды. Оның үштен бірі – «Келешек мектептері». Сондай-ақ 813 денсаулық сақтау нысаны және 307 спорт нысаны ашылды.

 

Менің тапсырмаммен Семей, Тараз, Кентау, Орал, Атырау қалаларында заманауи оңалту орталықтары жұмыс істей бастады. Қазіргі уақытта осындай орталықтар Ақтөбе, Көкшетау, Талдықорған, Шымкент шаһарларында салынып жатыр.

 

Әлеуметтік нысандар, соның ішінде балаларға арналған оңалту орталықтары барлық аймақта қолжетімді болуға тиіс. Осындай нысандар еліміздің аймақтарында әлі жеткілікті емес.

 

Соның салдарынан жұрт Астана мен Алматыға көптеп қоныс аударуда. Бұл – иммиграцияның теріс сипаттағы үдерісі. Барлық әкімдер осы шаруамен тиянақты айналысуы керек. Президент Әкімшілігі бұл жұмысты қадағалайды».


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тұрғын үйлер "Отбасы банк" арқылы берілуде
  • Алатау-болашақтың қаласы
  • Алматы облысында жазғы демалыста балалардың қауіпсіздігіне басымдық беріледі
  • «Бас құжатымыз адами құндылықтар мен заң нормаларының жиынтығы ғана емес, ел дамуының қозғаушы күші
  • «Проект Алатау – это наш шанс построить город, отвечающий самым высоким мировым стандартам качества